Бірінің сақтандыру полисі жоқ болса, енді бірінің техникалық байқаудан өтпегені белгілі болды , деп хабарлайды 24kz.

Жыл басынан бері аймақта мопед пен скутер айдағандардың қатысуымен 24 жол апаты тіркелді. Айта кету керек, елде сәуір айынан бері мотокөлік жүргізушілеріне қатысты талап күшейген.

Жеңіс Дәулетов, ПД басқарма бөлім бастығы:

- 2025 жылдың 5 сәуіріне дейін тіркелмеген мопед көлік құралдарын жүргізуішілеріне әкімшілік айыппұл салынады. Яғни, нақтырақ айтатын болсақ, көлік жүргізу құжатысыз мопед көлік құралын басқарғаны үшін 91 мың 900 теңге айыппұл, тіркеуге тіркелмеген мопед көлік құралын басқарғаны үшін 18 мың 300 теңге мөлшерінде айыппұл салынады. осы күнге дейін 296 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.