Ақтөбеде жұмыс іздеген жастар үшін мобильді кеңес беру пунктері ашылды, деп хабарлайды 24KZ. Бұл жерде бос жұмыс орындары, әлеуметтік қорғау, тұрғын үй бағдарламалары мен жастарды қолдауға бағытталған жобалар туралы ақпарат алуға болады.
Кеңес берумен Жастар ресурстық орталығының, Еңбек мобильділігі орталығының, Білім басқармасының және кәсіпкерлікті дамыту қорының мамандары жүргізеді. Қазір аймақта 4800 жұмыссыз жас тіркелген. Қала-аудандарда осындай 5 пункт ашылды.
Самғат Артығалин, облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы:
- Ол жерде жастарға түрлі бағытта ақпарат беріледі және соңғы осы ашылғалы бері 3 пункт жұмыс жасап тұр. 20 адам келіп түсті. 20 адамның ішінен 2 студент, 2 оқушы «Жасыл елге» тілкерді. 1 адам қысқамерзімді курсқа бағытталды. 2025 жылы 3200 жасты жұмыспен қамтуға бағытталған. Қазірдің өзінде 1300-ден астам жасты жұмыспен қамтып отыр.