Айтыскер ақын, психолог Мұхамеджан Тазабек қазақ жігіттеріне “сыртқы күштердің” қалай әсер еткенін айтты .
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында ішкіліктің қазақ жігіттерін қалай өзгерткенін баяндап берді.
”Ең үлкен қазақ жігіттерінің репутациясын түсірген нәрсе ішкілік болды. Өйткені, ішкілікті өздері өндіріп, өздері тұтынатын қауым, ұлттар болды. Сондықтан, олардың белгілі бір иммунитеттері қалыптасты да сол ішкілікпен өмірлері өрге басты. Ал қымыз ішкен, аттың үстінде жүрген, суық ақыл, парасатпен өмір сүрген қазақ жігіттеріне ішкілік келген кезде олардың ақылдары беті тұмшаланды да, бұрын-соңды қазақ келіншектері қабылдай алмайтын сипаттарға өтті. Яғни, оның жаугершілікте жауына жұмсайты күшті мен айбары отбасына жұмсала бастады. Өйткені, ішкілік арнаны басқа жаққа бұрып жіберді. Одан кейінгі ең басты нәрсе — қазақ жігіттерінің бойындағы батырлығын, қаһармандығын түрме, көше мәдениеті арқылы зұлым күштер басқа жаққа жұмсады. Түрме мәдениетін романтизация жасады да, ақылды дегендері ғана мафияға, қылмыстық топқа кірді да, ал қарапайым жігіттер оның вирусын жұқтырды. Бірақ өзі басқа ортада жүргенімен оның салдары отбасында абьюзер болып шықты. Қызбен кездескенде дөрекі болып шықты, достарымен әріптестікте “лақтырып кету” деген сипаттарымен зиянын берді. Әлі күнге дейін көшеде керек емес жерде сигнал беру, біреумен иық қақтығыстырып қалса, өмірін соған бағыттайтындай бір бірімен төбелесудің ар жағында сол сыртқы күштердің қазақ жігіттерінің батырлығы мен жаугершілікке деген керемет қасиетін керек емес дүниеге бұрмалау жатыр”, — дейді ол.