Футзал жұлдыздарымен тең ойын және финалдағы камбэк.
3 тамыз күні Алматыда көше футболының нағыз мерекесі өтті — Red Bull Four 2 Score ұлттық финалы. Астана, Шымкент, Семей, Ақтөбе және Алматы қалаларынан келген үздік бес команда Австриядағы Зальцбург қаласында өтетін әлемдік финалға жолдама үшін күресті.
Формат қарапайым, бірақ қатал:
- 4 ойыншыдан
- 10 минут
- Алғашқы және соңғы минутында соғылған голдар — екі есе есептеледі
Әр ойын — шешуші. Қателесуге мүмкіндік жоқ.
Топтық кезең: бір қателік — жарыстан тыс қаласың
Алматы топтық кезеңде қарсыластарына еш мүмкіндік бермеді: төрт ойын — төрт жеңіс, 17 гол, тек 5 гол жіберді. Шымкент — ең нәтижелі команда болды, бірақ қорғаныста жиі қателесті. Ақтөбе ерте голдар мен тәртіпті ойынының арқасында ұпай жинады.
Жартылай финалдар: әр секунд маңызды
Алматы — Астана: 4:2: Тартысты ойын, соңғы минуттағы голдар және дәл орындалған пенальти — финалға Алматы жолдама алады.
Шымкент — Ақтөбе: 3:1: Ұзақ уақыт 0:0. Бірақ пенальтиден кейін Шымкент шабуылға шықты — екі жылдам гол, және соңғы нүкте қойылды.
Финал: Алматы — Шымкент. 0:3 есебінен 7:3-ке дейінгі кері серпіліс
Ойын бастала сала Шымкент алғашқы минутта гол соғып, екі есе есеппен 2:0 алға шықты. Артынша тағы бір гол — 3:0. Барлығы ойын аяқталды деп ойлады.
Бірақ Алматы командасы мінез көрсетті: үш гол қатарынан, есеп теңесті, тағы бірнеше дәл шабуыл — және ойын толықтай алматылықтардың қолына көшті. 7:3 — Алматы Қазақстан чемпионы атанды. Енді олар Зальцбургте өтетін әлемдік финалда ел намысын қорғайды.
Команда капитаны Алмаздың пікірі:
"Финалда 0:3 есебімен жеңіліп жаттық — бірақ берілмедік. Барлығымыз соңына дейін күрестік. Бұл жеңіс — командалық рух пен мінездің жемісі. Бүкіл турнирде бірде-бір жеңіліс болған жоқ. Енді Қазақстан атынан шығатын боламыз. Қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. "Қайратпен" ойнау — үлкен мәртебе. Оларға да алғыс!"
Шоу-матч: әуесқойлар мен футзал жұлдыздары бетпе-бет
Финалдан кейін Алматы құрамасы футзалдың үздік клубтарының бірі — AFC "Қайратпен" шоу-матч өткізді. Негізгі уақыт 9:9 есебімен тең аяқталды. Жеңімпаз "алтын матч" 1x1 форматында анықталды — шешуші голды "Қайрат" ойыншысы соқты. Алайда алматылықтар қарсылас емес, тең дәрежелі ойын көрсетті. Бұл кездесу олардың деңгейін айқын көрсетті.
Red Bull Four 2 Score — жұлдыздар туралы емес. Мінез бен мүмкіндік туралы
Бұл турнир — бір реттік ойын емес. Бұл — мүмкіндік. Көшеден басталып, халықаралық ареналарға дейін апаратын жол. Алматы — әлемдік финалда. Зальцбург, дайындал. Қазақстаннан тек қайсарлар аттанады.
Жарнамалық материал