Алматыда қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Оған қала әкімі Дархан Сатыбалды қатысты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қаланы басқару бойынша

Депутаттар бірқатар маңызды шешімді қарады. Соның ішінде қаланы басқарудың жаңартылған схемасы бекітілді:

  • Экономика басқармасы мен Қаржы басқармасы біріктіріліп, Экономика және қаржы басқармасы болып құрылды;
  • Қоғамдық даму басқармасы Ішкі саясат басқармасы болып қайта аталды;
  • Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы Сәулет және қала құрылысы басқармасы болып өзгертілді;
  • Сейсмикалық қауіпсіздік және мобилизациялық дайындық басқармасы Мобилизациялық дайындық, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы болып қайта құрылды;
  • Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы болып аталды.

Жол-көлік саласы бойынша

Жол-көлік саласын қайта ұйымдастыруға ерекше назар аударылды. Қалалық мобильділік басқармасы екі дербес органға бөлінеді. Олар:

  • Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасы қоғамдық көлікті, паркинг кеңістігін, бағдаршам нысандарын, жол таңбалары мен белгілерін реттеу функцияларын орындайды;
  • Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол желісін, көлік торабы нысандарын (ТПУ), метро, LRT, BRT және аялдама кешендерін салу мен дамытуға жауапты.

Барлық өзгеріс бюджеттен қосымша шығынсыз жүзеге асырылатыны айтылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget