Жапонияның Кюсю аралында толассыз жаңбыр салдарынан су тасып, лай көшкіні жүрді.

Табиғи апат діни мереке кезінде болып, 4 адам жарақат алды. Бірнеше тұрғын іс-түссіз жоғалып кеткен. Тасқыннан 6 мың үй электр қуатынсыз қалды. Апат аудандарындағы пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтатылды. Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Тасқын қаупі күшеюінен кей елдімекен тұрғындарын шұғыл эвакуациялау жүргізілгелі жатыр.