Биыл шілдеде 7 қазақстандық террористік қылмыс жасағаны үшін сотталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Түркістан қаласының соты жергілікті тұрғынды шетелдегі террористік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырды. Бұған дейін ол шет мемлекеттің аумағында ұсталып, арнайы күзетпен Қазақстанға депортацияланған.
"Алматы облысының түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан радикалды идеологияның жақтаушысы кісі өлтіруге әрекеттенгені және терроризмді насихаттағаны үшін қосымша 9 жылға бас бостандығынан айырылды", — деп жазылған хабарламада.
Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының, Алматы және Астана қалаларының соттары 5 адамды терроризмді насихаттап, шетелдегі соғыс қимылдары аймақтарына шығуға әрекеттенгені үшін 4 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!