Республикалық бас мешіттің кілемі көлемі бойынша Гиннесс рекордтар кітабына әлемдегі ең үлкен кілем ретінде енуі мүмкін.

Қазір мамандар өлшеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оюмен өрнектелген еден жабыны Үндістанның Мумбай қаласында қолдан тоқылған. Жалпы ауданы 14 мың шаршы метрге жуықтайды. Егер бұл ақпарат ресми түрде расталса, онда Абу-Даби қаласындағы шейх Зайд мешітіндегі кілем көлемі жағынан екінші орынға сырғиды. Өйткені оның жалпы ауданы небәрі 5 мың 700 шаршы метрге тең.

Атахан Бозтуна, кілем өндіруші компанияның сарапшысы:

- Кілем Жаңа зеландиялық қой жүнінен тоқылған. Сапасы өте жоғары. Табаның тигеннен байқалады. Жалпы салмағы 85 тонна шикізат пайдаланылды. Бұл жабындының бір шаршы метрі 5 келіге тең. Әлемдегі ең үлкен кілем ретінде Гиннесс рекордтар кітабына енуіне толық мүмкіндігі бар.

Жанат Исабеков, ғимараттар мен құрылыс нысандарына сараптама жүргізу компаниясының директоры:

- Бүгін бірінші күн. Ертең, жалпы үш күн жұмыс істейміз. Компьютерге бәрін тахеометр координаттарын кіргіземіз. Соны шығарып, мөрін қойып. Мынадай жұмыс бізде бірінші рет. Бір ай бұрын бізге қоңырау шалды. Біз оларға барлық құжаттарды жібердік. Олар қабылдады.