Microsoft компаниясы күн райы мен табиғи апаттарды дәл болжай алатын нейрожелі әзірледі. Жоба авторларының айтуынша, бұл жүйе дәстүрлі метеоорталықтарға қарағанда болжамды жылдам әрі нақты айтады.
Еуропалық ауа райы болжамы орталығымен салыстырғанда Microsoft моделі алдағы 10 күннің климаттық жағдайын дәл жеткізеді. Ол тарихи деректер негізінде жұмыс істейді. Жүйе бір миллион сағаттан астам спутник, радар және метеостанциялардан алынған мәліметтерді талдай алады.