Қазақстандық айти мамандар хакерлік шабуылдардан қорғайтын телефон жасап шығарды.

Құрылғы алаяқтардың күдікті әрекеттерін бұғаттап, жеке деректердің желіге тарап кетуінен сақтайды. Себебі барлық смартфондар ортақ желіге қосылған. Яғни құрылғыдан шыққан әр ақпарат бір орталыққа жиналады. Әзірге бұл телефондар мемлекеттік органар мен ірі компанияларға арналып отыр. Яғни мемлекеттік және жекеменшік деректер базаларын қорғайды.

Игорь Сенюшин, TSARKA зерттеу бөілімінің басшысы:

- Телефон, ноутбук, планшет пен компьютердің осал тұсы қандай? Оның ғаламторға қосылуы. Яғни интернеттен келген зиянды бағдарлама деректерді өз серверіне білдірмей жіберіп отыруы мүмкін. Ал біздің телефонымызға ондай бағдарлама келіп, деректерді ұрлаған күннің өзінде орталық оны шетке шығаруға мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар желіден келетін деректерді бақылауға қабілетті.