25 мамырда Самара – Шымкент тасжолының 507-шақырымында үш адамның өмірін қиған жол апаты болды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, Toyota Camry 60 көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, қарсы бағытта келе жатқан Toyota Camry 40 көлігімен соқтығысқан. Жол апатының салдары видеоға түсіп қалған.

"Жол апаты салдарынан Toyota Camry 60 көлігінің бір жолаушысы және Toyota Camry 40 көлігінің екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Екінші көліктен тағы үш адам ауруханаға жеткізілді", – деді ведомство өкілдері.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget