Ауғанстанда қуаты 6 балдық жойқын зілзаладан қаза тапқандардың саны 812-ге жетті.

Тағы 2800-ге жуық адам ауыр жарақат алған. Дүмпу ошағы Пәкістанмен шекаралас таулы аймақта, 10 шақырым тереңдікте анықталды. Қазір құтқарушылар іске кірісті. Олар қираған үйлердің астынан аман қалғандарды шығарып, ауруханаларға жеткізіп жатыр. Жалпы Ауғанстанда жер сілкінісі жиі болады. Былтыр жойқын зілзала мыңнан астам адамның өмірін қиды.