Жамбыл облысында психотроп заттарды сатумен айналысқан ұйымдасқан топтың әрекеті әшкереленді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қылмыстық топ ұзақ уақыт бойы Алматы қаласынан Жамбыл облысына психотроп заттарды заңсыз тасымалдаумен және өткізумен айналысқан.

Нәтижесінде Тараз қаласындағы бірқатар дәріханадан мына заттар анықталған:

  • 364 ампула күшті әсер ететін трамадол препараты,
  • 1800-ден аса тропикамид,
  • сомнол және димедрол таблеткалары,
  • 17 грамм психотроп оксивид заты.

Төрт күдікті ұсталған. Тараз қаласының 59 жастағы тұрғыны 2023 жылдан 2025 жылға дейін тыйым салынған препараттарды жеткізу және тарату схемасын ұйымдастырып, оны дәріхана бизнесі ретінде жасырғаны анықталды.

"Олар кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұйымдастырушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды", — деп жазылған хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget