Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы, әлемдік бокс аңызы Геннадий Головкин Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымы ұйымдастырған ересектер арасындағы алғашқы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасына арнайы келіп қолдау көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі жариялаған видеода Головкин бауыры Максиммен бірге спортшылар және бапкерлер құрамымен кездесіп, командаға сәттілік тіледі.GGG тәртіп пен сенімділік – жеңістің басты кілті екенін атап өтті.

Еске сала кетейік, бүгінде Геннадий Головкин Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті және World Boxing ұйымының Олимпиадалық комиссиясының төрағасы қызметін атқарады. Дәл осы ұйым 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарында бокс турнирін өткізуді қадағалайды.

Әлем чемпионаты 4 қыркүйекте басталды және 14 қыркүйекке дейін жалғасады. Жарысқа 60-тан астам елдің мықты спортшылары қатысып жатыр.

Өкінішке қарай, қазақстандық Элина Базарова алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп, турнирден шығып қалды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)