Бас Ассамблея арнайы қарар қабылдады .
Бұған дейін палестиналық өкілдерге АҚШ билігі виза бермеген еді. Енді олар бейнебайланыс арқылы сөз сөйлеуге немесе алдын ала жазылған үндеу жолдауға мүмкіндік алады. Палестинаның кеңеске қатысуын 145 ел қолдап дауыс берді. Ассамблея аясындағы пікірталастар 23 қыркүйекте басталады. Биылғы жиында бейбітшілік пен қауіпсіздіктен бастап, климаттың өзгеруі, адам құқықтары мен тұрақты даму мәселелері талқыланады.