Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Бас прокуратура жанындағы Заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комитетті Инвесторлардың құқығын қорғау комитеті етіп қайта құру жөніндегі бастаманы қолдады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сонымен қатар, депутат активтерді қайтару ісі аясында Болат Назарбаевтың шипажайы туралы да айтты.

"Марқұм Болат Назарбаевтың активтерін тәркілеу деген сылтаумен Сарыағаш аудандық әкімдігі Қаржы министрлігінің ашық аукционы арқылы мүлдем басқа кәсіпкерлер заңды түрде сатып алған шипажайды сот арқылы тартып алып, Болат Назарбаевтың өзіне (нақтырақ айтқанда, оның компаниясына) еш дау-дамайсыз қайтарып берген. Басқа да мұндай жағдайлар болды. Өкінішке қарай, ол кезде мұндай жағдайлардың барлығына мемлекеттік органдар тиісті назар аударған жоқ", — деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс депутаты Ринат Зайыт Болат Назарбаевтың үлкен ұлы Нұрбол Назарбаевтың мүлкіне тексеріс жүргізуді сұрады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget