Біріккен Ұлттар Ұйымы АҚШ-тың ядролық сынақтарын қайта бастау жоспарына қарсы пікір білдірді.
Ұйым бұл қадамды ешқандай жағдайда қабылдауға болмайды деп санайды. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің айтуынша, мұндай әрекеттер катастрофалық салдарға әкелуі мүмкін. Осыған дейін Ақ үй басшысы Дональд Трамп Пентагонға 33 жылдық үзілістен кейін ядролық сынақтарды қайта бастау туралы тапсырма берген еді. Өз сөзінде ол АҚШ-тың Ресей және Қытай сияқты елдермен бірдей деңгейде ядролық бағдарламалар жүргізу қажеттігін атап өткен.
 
                         
                                 
                                             
                                             
                                             
                                            