Қазақстанға биылғы жарты жылда 10 млрд доллардан астам инвестиция тартылды.

Жыл аяғына дейін тағы 15 млрд доллардан астам қаржы құйылады деп жоспарланған. Бұл туралы елордада өтіп жатқан жаһандық инвестициялар жөніндегі форумда айтылды.

2029 жылға дейін Қазақстанға 150 млрд доллар инвестиция тарту көделген. Бұл жоспар қазір 60%-ға орындалды. Мұны Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитеті хабарлады. Биылдың өзінде Қазақстанға 25 млрд доллардан астам қаржы тарту жоспарланған. Бүгінгі форумға 50-ден астам елдің инвесторы қатысып отыр. Олар түрлі салаларға қызығушылық танытып отыр.

Инвесторлар өз жобаларын Қазақстанда іске асыру тетіктерін талқылайды. Бұдан бөлек Үкімет алдына инвесторлардың жұмысына қолайлы жағдай жасау міндеті қойылғаны белгілі. Әсіресе өңірлік инвестициялық жобаларды іске асырғанда инвесторлардың құқығын қорғау бойынша жұмыс жалғасады деді ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов.

Ренат Бектұров, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы:

- Мысалы, МФЦА-ны айтатын болсақ, бір жылдың ішінде мыңнан аса компания тіркеліп отыр. Былтыр 1300 тіркелген. Ол кезде біз жаңа рекорд деп ойлағанбыз. Ең басты қызығушылық білдіретін салалар транспорт және логистика, оның ішінде қоймаларды салу. Өйткені қазіргі геосаяси жағдайда тауар тасымалдаудың жаңа жолдарын іздеу, бұл бүкіл әлемдік мәселе. Екіншіден, энергетика саласы инвесторларға өте қызық. Қазіргі заманауи жасыл энергетика, қайта жандардыратын энергия көздері дейміз. Үшіншіден, бұл әрине, ауыл шаруашылығы. Төртіншіден, бұл ІТ саласы.

Біріккен ұлттар ұйымының дерегіне сай, Солтүстік Кавказ және Орталық Азия елдеріне тартылған інвестицияның 60% Қазақстан еншісінде.