Ұлыбритания Африканың бірқатар еліне бұдан былай виза бермеуі мүмкін. Тізімде Намибия, Конго Демократиялық республикасы мен Ангола бар. Бұл мемлекеттердің билігі Ұлыбритания аумағында заңсыз жүрген 4 мыңға жуық отандасын қайтарудан бас тартқан көрінеді.

Бір ай көлемінде депортация мәселелері жөнінде құзырлы органдармен ынтымақтастықты күшейтпесе, осы елдердің азаматтарына виза беру қатаңдатылады, тіпті біржола тоқтатылуы мүмкін деп хабарлады Ұлыбританияның Ішкі істер министрлігі.