Қазақстандықтар үшін зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақылардың қашан өсетіні туралы сұраққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Светлана Жақыпованың айтуынша, қазіргі уақытта мемлекет өз мойнына алған барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындап отыр.

«Екінші жартыжылдықта (2025 жылы) қосымша көтеру болмайды. Индексация жыл басында өтті, 1 қаңтардан бастап барлығы жоғарылатылған төлем алып жатыр», деді министр.

Министрдің айтуынша, зейнетақы мен жәрдемақы енді 2026 жылы көтеріледі.