Атырау облысында батпаққа батқан 4 адам құтқарылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

112 пультіне Атырау облысы Құлсарыдан қаласынан 250 км қашықта орналасқан кен орны маңында автокөлік батпаққа батып қалғаны туралы хабарлама түсті. Көлікте 4 адам болған, олардың екеуі байланыс сигналын ұстау үшін жаяу шығуға мәжбүр болған.

Хабарлама бойынша құтқарушылар жедел шығып, заманауи жол талғамайтын техникасымен іздестіру-құтқару жұмыстарын бастады. Құтқарушылар батпаққа батқан көлікті тауып, жолаушыларды қауіпсіз жерге жеткізді. Сонымен қатар, жаяу кеткен екі адам да аман-есен эвакуацияланды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget