Солтүстік Қазақстан облысында соңғы он жылдың ішінде 49 спортшы қылмыстық жауапқа тартылыпты.
Бұл туралы Петропавлда «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында өткен кездесуде айтылды. Жиынға жекпе-жекпен шұғылданатын 200-ге жуық спортшы, жаттықтырушы мен ардагер қатысты. Шара барысында қадағалаушы орган қызметкерлері өскелең ұрпаққа заңнамалық жауапкершілік жайын әңгімеледі. «Спорт қауымдастығы арасында құқықтық мәдениетті қалыптастырып, қоғамдық тәртіпті нығайтудың маңызы зор», — дейді ұйымдастырушылар.
Алмас Асайынов, облыстық прокуратураның аға прокуроры:
- Жекпе — жек спортымен шұғылданатын адамдар өзгелерге күш көрсетпеуі тиіс. Шара барысында оларға осы ойды жеткізіп, қылмыстық жауапкершіліктің қандай болатынын түсіндірдік. Бұл мәселе прокуратура, полиция департаменті мен жергілікті атқарушы биліктің назарында болады.