Елімізде экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылды құқықтық тұрғыдан жетілдіру бағытында маңызды қадам жасалды. Мәжіліс қараған түзетулер аясында заңнамалар өзара үйлестіріліп, құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған нақты тетіктер күшейтілді, деп хабарлайды Egemen.kz.


Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістерге сәйкес, экстремистік және террористік материалдарды дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау және тарату үшін бұрыннан белгіленген жауапкершілікке қоса, енді оларды басып шығарғаны үшін де әкімшілік жауапкершілік қарастырылады. Бұл норма «Терроризмге қарсы іс-әрекет туралы» және «Экстремизмге қарсы іс-әрекет туралы» заңдармен, сондай-ақ Азаматтық процестік кодекспен үйлестіруге бағытталған.

Терроризм қатері: алдын алудың өзектілігі

Сонымен бірге заңнамалық үйлесімділікті қамтамасыз ету мақсатында Азаматтық процестік кодекске және аталған салалық заңдарға экстремистік және террористік материалдарды тасымалдауға тыйым салатын түзетулер енгізілді. Бұл өзгерістер құқық бұзушылықтардың таралу арналарын шектеуге және олардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, терроризмге қарсы іс-әрекетті және экстремизмнің алдын алуды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың құзыреті нақтыланды. Бұл – жауапты құрылымдардың міндеттері мен өкілеттіктерін айқындап, саладағы жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған қадам.

Кентауда экстремистік топ мүшелері ұсталды (видео)