Тасқыннан танымал тұз үңгіріне жойылу қаупі төніп тұр.
Румынияда толассыз жауын салдарынан 400 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Жолдар жабылып, көлік қозғалысы шектелді. Тіпті халық арасында емдік қасиетімен белгілі үңгірді де су басты.
"Прайд" кенішіне жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен жарты миллионнан аса адам келеді. Қазір құтқарушылар суды сорып, сыртқа шығарып жатыр. Ал еріктілер бөгеттерді бекітуде.