Зерттеушілер алып жануардың өте баяу қозғалғанын болжауда.
БЕЛТА басылымының дерегінше, халықаралық ғалымдар тобы Қытайдың солтүстігінде жыртқыш теропод динозаврының тасқа айналған ізін тапқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Зерттеушілер іздер арасындағы қашықтық ежелгі жануардың жүру жылдамдығын анықтауға мүмкіндік бергенін айтады. Ол шамамен 1 шақырым/сағатты құрайды. Бұл – белгілі тероподтар арасындағы ең төменгі жылдамдық, әдетте бұл жануарлар айтарлықтай жылдамырақ қозғала алады (шамамен 14 шақырым/сағат).
Динозаврдың қадамының ұзындығы 32-ден 46 сантиметрге дейін жетеді.
Ғалымдар жыртқыштың айналасын мұқият зерттей келе, жем іздеуде баяу қозғалған болуы мүмкін деп болжайды.
Жолдардың жоғары деңгейде сақталуы мамандардың назарын ерекше аударып отыр. Зерттеушілер іздердің табиғи қорғаныш жабынын құрайтын микроорганизмдердің қабаттары, яғни микробтық төсеніштердің арқасында сақталғанын нақтылады. Бұл, тіпті, ең кішкентай бөлшектерді, соның ішінде тырнақтарды, саусақ пен тері құрылымын сақтауға мүмкіндік берді.