Полицияның мәліметінше, оқиға биыл сәуір айында ғана болған.
Қазір жанжалға қатысқан барлық жасөспірім анықталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі құқыққа қайшы әрекетке 13-14 жастағы жасөспірімдер қатысқанын мәлім етті. Кәмелетке толмағандар заңды өкілдерімен бірге полиция бөліміне жеткізілген.
Жасөспірімдер ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне қойылып, жиналған материалдар тиісті шешім қабылдау үшін кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолданып отыр.
Сондай-ақ, ата-аналар балаларды тәрбиелеу, оқыту және күтіп-бағу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Осы кезде оқиғаның мән-жайы толық тексеріліп жатыр. Қоғам белсенділері мен желі қолданушылары жасөспірімдер арасындағы буллинг пен зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын күшейтуді талап етуде. Өз кезегінде полиция ата-аналардан балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жүріс-тұрысын бақылауға алуды сұрайды.