Маңғыстау облысындағы «Толқын» кен орнындағы ұңғымадан газ атқылап, ауаға шектен тыс метан газы таралды.

Мамандар ұңғымаға күрделі жөндеу жүргізген екен. Оқиға орнына экологтар жедел жетіп, жағдайды бақылап отыр. Атмосфералық ауаның құрамын тексеру нәтижесінде метанның шекті концентрациядан 50 есе артқаны белгілі болды. Қазір құзырлы органдар мәселенің мән-жайын анықтап жатыр.

Қайсар Нәдірбек, облыстық экология департаментінің бөлім басшысы:

- Алдағы уақытта осы мекемеге жоспардан тыс тексеріс ашылады. Ол прокуратура органдарына жолдану үстінде, тексерісті тіркеу жөнінде. Газдың шыққан көлемі керек болады. Ауаға қаншалықты зиян келтіргендігін анықтау керек. Содан кейін барып, айыппұл көлемі көлемі анықталады.