9 маусымда 2022 жылы туған ер бала Қарағандының 19 ықшам ауданындағы бес қабатты үйдің үшінші қабатындағы терезеден құлап кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бүлдіршін үлкендердің қарауынсыз қалып, маса торына сүйеніп кеткен, алайда тор оның салмағын көтере алмаған.

Бала жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген.

Денсаулық сақтау басқармасы баланың жағдайы ауыр екенін хабарлады. Дәрігерлер баланың өмірі үшін барын салып күрескенімен, аман алып қала алмады.

Кеше түнде бала жан тапсырды.