Шұғыл ақпарат.

Үндістанда ұшақ апатынан 2 адам аман қалуы мүмкін. Мұны ресейлік «Риа-Новости» агенттігі хабарлады. Жергілікті полиция өкілдерінің мәліметі бойынша, тірі қалған жолаушылардың біреуі ұшақтың ішінен шығарылды. Ал екіншісі ауруханаға жеткізілген адамдардың арасынан табылған. Десе де, қаралы тізім әлі өсуі мүмкін. Өйткені Ахмедабад қаласынан Лондонға бет алған «Боинг-787» әуе көлігі жерден көкке көтеріле алмай, бірер секунд ішінде медициналық қызметкерлер жатақханасының үстіне құлаған.