АҚШ Президенті Дональд Трамп Израиль мен Иран шиеленісіне қатысты мәлімдеме жасады. Ақ үй басшысы Канадада өтетін G7 саммитіне аттанар алдында журналистерге сұхбат беріп, екі ел келісімге келеді деп үміттенетінін айтты. Алайда , кейде мемлекеттердің соғысып алуы қажет болатынын да атап өтті. Сондай-ақ, Трамп, АҚШ-тың Израильді қолдауды жалғастыратынын да мәлімдеді. Дегенмен, АҚШ Израильден Иранға шабуылын тоқтатуды сұрады ма деген сұраққа нақты жауап беруден бас тартты.

Дональд Трамп АҚШ Президенті: «Мен келісім болады деп үміттенемін. Қазір келіссөз жүргізетін уақыт келді деп ойлаймын, не болатынын көреміз. Бірақ кейде олар соғысып алуға мәжбүр болады, дегенмен біз не оқиғаның қалай өрбитінін көреміз. Келісімге қол жеткізуге жақсы мүмкіндік бар деп ойлаймын».

Арай Төлегенқызы