Жамбыл облысында жайылым жер жетпей жатқанда Шу ауданында мал өрісін тілсіз жау тып-типыл қылды.
Еңбек ауылының тұрғындары қызыл жалын таңғы сағат 09:00 шамасында басталып, 1 гектарға жуық жерді шарпығанын айтады. Бұқара болған жайды аптап ыстықтан емес, адам қолымен істелді деп болжайды. Өйткені таңғы уақытта күннің көзі көтерілмей жатып, өрісті өрт шалуы екіталай деп отыр. Жайылым жол бойында болғандықтан, жолаушылар көлік терезесінен темекі тұқылын тастауы да мүмкін. Өрт сөндірушілер жалынды бір сағат ішінде сөндірді.
Данияр Әлімқұл