Қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычконың қарсыласы белгілі болды. Boxrec-тің ақпаратынша, отандасымыз америкалық боксшы Шкулар Лацпен жұдырықтасады. Ол осы уақытқа дейін 9 жекпе-жек өткізіп , сегізінде жеңіске жеткен және 1 рет жеңілген. Ал Иван болса, осыған дейін өткізген 14 кездесуінде де жеңіске жеткен. Бокс кеші 19 шілде күні Вашингтонда өтеді.

Асылбек Данияр