2025 жылғы 17 маусымда Астанада Қазақстанның Энергетика министрлігі Power Central Asia + China атты алғашқы өңірлік энергетикалық форумның нәтижелерін жария етті. Бұл форум энергетика мен индустрия салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетіп, бірлескен жобаларды іске асыруға, тәжірибе алмасуға және ашық диалог орнатуға арналған халықаралық маңызы бар алаңға айналды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Форум аясында бірнеше күн бойы қатысушылар энергетикалық трансформацияның өзекті мәселелері мен даму әлеуетін талқылап, Қазақстан мен Орталық Азия мемлекеттері үшін маңызды стратегиялық келісімдер мен өзара түсіністікке қол жеткізді.

з

Форум Қазақстанның энергетикалық секторындағы қазіргі заманғы үрдістер мен ұмтылыстарды бейнелейтін 10 басым бағытты қамтыды. Атап айтқанда, келесі мәселелер көтерілді:

  • жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) энергетикалық жүйеге интеграциялау, жүктемелерді цифрлық басқару және желілердің тұрақтылығын арттыру;
  • гидроаккумулирлеуші станциялар мен энергия сақтау жүйелерін дамыту;
  • HVDC технологияларын қолдану және шекарааралық электр энергиясын тасымалдауды жетілдіру;
  • цифрлық энергетикалық жүйелерді, жасанды интеллект, Smart Grid және киберқауіпсіздік элементтерін енгізу;
  • Қазақстанда өндірістерді индустрияландыру және жергіліктендіру;
  • әділетті энергетикалық көшу, декарбонизация және ESG-стратегияларын ілгерілету;
  • инвестициялық преференциялар мен қаржыландыру модельдері: МЖӘ-ден бастап «жасыл» қорлар мен экспорттық агенттіктердің қолдауына дейін;
  • сутекті энергетиканы және төменкөміртекті технологияларды, соның ішінде көмірқышқыл газын ұстау, пайдалану және сақтау (CCUS) мен көмірхимияны дамыту;
  • ғылыми ынтымақтастық, технологиялар трансфері және кадр даярлау;
  • мұнай-газ химиясы жобаларында инновацияларды енгізу.

«Power Central Asia + China форумы Қазақстанның инвестициялар үшін тартымды нүкте ғана емес, сонымен қатар озық технологиялар мен білімдердің интеграторы екенін көрсетті. Біз тұрақтылық, қауіпсіздік және инновациялар арасындағы тепе-теңдікке негізделген энергетикалық саясатты қалыптастырып жатырмыз. Қол қойылған келісімдер мен қол жеткізілген уағдаластықтар Қазақстан мен бүкіл Орталық Азия өңірінің энергетикалық егемендігін және индустриялық әлеуетін нығайту жолындағы нақты қадам», деді ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс.

Форумға 30-дан астам елдің өкілдері, жетекші халықаралық сарапшылар, ғылыми қауымдастық, іскерлік орта, бейінді ЖОО студенттері мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Қазақстан тарапынан нақты жобалар, технологиялық бастамалар мен инвесторлар мен серіктестерге ашық үлгілер ұсынылды.

Министрлік форумның бас серіктестері — China Southern Power Grid, POWERCHINA, Energy China және Инфрақұрылымдық және инновациялық дамуға жәрдемдесу қауымдастығына алғысын білдіреді.

ө

Форумның салалық және институционалдық серіктестері: Самұрық-Энерго, ҚазМұнайГаз, KEGOC, QazaqGaz, Kazakh Invest, Huawei, KPMG, LONGi, Sinopec, China Datang, Asian Development Bank, Abu Dhabi Commercial Bank, PASHA Holding, Өнеркәсіпті дамыту қоры, QazIndustry, ForteBank, Bank CenterCredit, Halyk Bank, Baiterek Venture Fund, Arthur Consulting, Cranmore Partners, NC Consulting, Unicase Central Asia.

Power Central Asia + China форумы жыл сайын өтетін алаңға айналып, бірлескен өндірістерді дамытуға, технологиялар трансферіне, ғылыми ынтымақтастыққа және жаңа буын мамандарын даярлауға ықпал ететін болады.

Энергетика министрлігі Орталық Азия елдерінің энергетикалық тұрақтылығы мен технологиялық прогресін нығайтуға қосқан үлестері мен сенімі үшін барлық серіктестерге алғысын білдіреді.