Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің түрмеде жазасын қалай өтеп жатқанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Министрдің айтуынша, қазір Кәрім Мәсімовтың денсаулығы, жағдайы жақсы.
"Ол жазасын қалыпты жағдайда өтеп жатыр. Оның жақындары айтқан барлық уәждер тексеріліп жатыр. Ресми түрде айтайын, оның жағдайы қалыпты", – деді Сәденов.
Айта кетейік, бұған дейін ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін мемлекетке опасыздық жасағаны және мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақ болды деген күдікпен қамауға алынған болатын. Сондай-ақ ҰҚК басшысының орынбасарлары – Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин де қызметтерінен босатылған.