Павлодарда қатты дауыл салдарынан бір адам қаза тапты. Өңірде бірер сағат бұрын өңірде қатты жел соғып, көптеген ағашты құлатып, көліктерді басып қалған еді. Төтенше жағдайлар қызметі оқыс жағдайға байланысты әзірге ақпарат таратқан жоқ.

Есесіне қала тұрғындары дауылдан кейінгі жағдайды телефонға түсіріп, әлеуметтік желілерге жүктеп жатыр. Желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жеткен. Екібастұз қаласындағы қуаттылығы 500 кВ-тық электр торабында апатқа қарсы автоматты жүйе іске қосылды. Салдарынан Екібастұз қаласы жарықсыз қалды. Қазір электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.