Иран Израильдің Реховот қаласындағы Вейцман атындағы ғылым институтты зымыран және дронмен талқандады.
Зерттеу кешенінің бірнеше ғимараты жермен жексен болған. Арасында зертханалар бар. Тегеран бұл соққыларды Израильдің 13 маусымда бастаған шабуылына қарымта ретінде жасағанын мәлімдеді.
Рое Озери, институттың вице-президенті:
"Абырой болғанда, шабуыл кезінде ғимараттарда ешкім болмай, адам шығыны болған жоқ. Бірақ бұл арада зерттеу жүргізу үшін ұзақ уақыттан бері көп нәрсе жинақталған еді. Бәрі жойылды. Зерттеу саласын қайта қалпына келтіруге енді көп жыл керек."