Шетелге стратегиялық шикізат шығарудың қылмыстық схемасы әшкереленді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Металл сынығының кейбір түрлерін экспорттауға қолданыстағы мораторийге қарамастан, оларды шекарадан контрабандалық жолмен шығаруға әрекеттер жасалған.
Жетісу облысы Полиция департаменті рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеген компанияның заңсыз қызметінің жолын кесті. Компания түсті металдарды заңсыз қабылдап, өңдеп, ілеспе құжаттарға жалған мәліметтер енгізу арқылы оларды бірнеше рет ел аумағынан шығаруға тырысқан.
"Кәсіпорын аумағында жүргізілген тінту шаралары барысында шетелге жөнелтуге дайындалған 600 тоннадан аса қорғасын, 100 тоннадан аса алюминий құймалары, сондай-ақ, түсті металл сынығы тәркіленді. Металл балқытуға арналған жасырын цех пен оның құрамын алдын ала зерттеуге арналған зертхана жойылды. Бұдан бөлек компанияда заңсыз еңбек еткен, көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер ұсталып, олар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылып жатыр. Қазір соталды тергеп-тексеру жүргізіліп, қылмыстық схеманың түпкі бенефициарлары анықталып жатыр", — деді полиция.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!