Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қайта ұйымдастырылып, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосылады .

Осылайша екі құрылымның қызметі бір ведомствода түйіседі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті қаулыға қол қойды. Енді бұрыңғы Агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру мен іске асыру, және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру сынды функциялары мен өкілеттіктері Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне беріледі. Тиісінше Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың тізбесінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі алынып тасталады.