Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген адам Грузияда ұсталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Грузияда ұсталды.
"2022 жылы күдікті танысын алдап, шамамен 13 миллион теңгеге автонесие рәсімдеуге көндірген. Қаражатты алғаннан кейін ол көлік сатып алып, өз міндетін орындамай, жасырынған", — деп жазылған хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!