Судьялар корпусының сапасына жаңа стандарт бекітілді.
Жоғары сот кеңесінің төрағасы халықаралық дөңгелек үстелде осылай деді. Жиын кассациялық соттарды қалыптастыру мәселелерін талқылауға арналды. Оған 200-ден астам құқық және сот жүйесі саласының мамандары қатысты. Оның ішінде Әзербайжан, Ресей және Германиядан келген сарапшылар бар. Олар соттарды кадрлық жасақтау ісінде Жоғары Сот Кеңесінің бірегей роліне ерекше назар аударды. Жиын нәтижесінде нормативтік базаны жетілдіруге, іріктеу рәсімдерін жақсартуға және кассациялық соттардың тиімділігін арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар әзірленді.
Қанат Мусин, ҚР ЖСК жанындағы сот төрелігі академиясының вице-ректоры:
- Ең басты мәселе — елімізде 1 шілдеде өз жұмысын бастаған кассациялық соттардың институционалдық және процестік негіздері. Кассациялық соттар жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын тиімді қорғаудың жаңа бір тетігіне айналады деген сенімдеміз.