Елдегі электр желілерін жаңғырту барысында отандық тауарларға басымдық беріліп жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Астанадағы электротехникалық зауытының ұжымымен кездескен Мәжіліс депутаты Серік Егізбаев осылай деді. Кездесуде қазақстандық тауарөндірушілерді қолдау мәселелері талқыланды. Кәсіпорында 250-ден астам адам еңбек етіп жүр. Мұнда электр құрылғыларымен қоса, биылдан бастап ауылшаруашылық жабдықтары шығарыла бастады.
Серік Егізбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Электрошкафтарды, трансформаторларды шетелден алып келетін едік. Қазір енді өзіміздің ұлттық өндірісіміз аяққа тұрып, өзіміздің өндірушіміз, яғни, біздер басқа елдерден алып келетін құрал-жабдықтарға тәуелділіктен құтылып жатырмыз. Өңір-өңірлерге, ауылдарға, қаланың ішіндегі үлкен құрылыс аймақтарға, үлкен тұрғын үйлерге қажеті өте жоғары болып жатыр.