АҚШ президенті Дональд Трамп 1 тамыздан бастап 14 елге қосымша баж салығы салынатыны туралы хабарлама жіберді. Бұл мемлекеттердің толық тізімі Ақ үйдің сайтында жарияланды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жаңа баж салығы мына елдерге әсер етеді:

  • Жапония — 25 пайыз,
  • Оңтүстік Корея — 25 пайыз,
  • Оңтүстік Африка — 30 пайыз,
  • Қазақстан — 25 пайыз,
  • Лаос — 40 пайыз,
  • Малайзия — 25 пайыз,
  • Мьянма — 40 пайыз,
  • Тунис — 25 пайыз,
  • Босния және Герцеговина — 30 пайыз,
  • Индонезия — 32 пайыз,
  • Бангладеш — 35 пайыз,
  • Сербия — 35 пайыз,
  • Камбоджа — 36 пайыз,
  • Тайланд — 36 пайыз.

Ақ үйдің хабарламасында кейбір жағдайларда тариф 2 сәуірде айтылғаннан төмен болатыны, ал кейбірінде жоғары болатыны айтылған. Алдағы апталарда АҚШ басқа елдерге де қосымша хабарлама жіберуі мүмкін.

Бұған дейін не белгілі?

Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп шетелден әкелінетін барлық тауарға баж салығы енгізілетінін жариялады. Мәселен ЕО елдерінен келетін тауарға 20 пайыз, Швейцария үшін 31 пайыз, Ұлыбритания үшін 10 пайыз, Израиль үшін 17 пайыз, Қазақстан үшін 27 пайыз болады делінді.

Ең жоғары төлем Вьетнамға (46 пайыз), Камбоджаға (49 пайыз), Лаосқа (48 пайыз) жүктелген еді.

Кейінірек Қазақстанның Сауда министрлігі осы жағдайға пікір білдірді.

Біраз уақыттан кейін АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайды қоспағанда, әлем елдерінің тауарларына бұған дейін жариялаған баж салығын 90 күнге тоқтатты.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget