Танымал продюсер Бағым Мұхитденова Димаш Құдайбергенге айтқан сынын түсіндірді, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.

Бұл туралы ол Аман Тасығанға берген сұхбатында бөлісті.

"12 жыл өтіп кетті ғой, шынымды айтсам, қазір күлкім келеді. Мәселе мынада – ол сөздер контекстен жұлынып алынған. Біреу сөзімді қиып алып, мен оған "жоғары ноталар айтудың қажеті жоқ" деп айтып тұрғандай көрсеткен. Бірақ ешкім бұл әннің өзіне қатысты айтылғанын ескермеді. Кейбір әндерді орындау үшін міндетті түрде диапазон көрсету, дауыс шығару керек емес. Бұл ән, меніңше, өте орташа деңгейде болды. Маған ол ән ұнаған жоқ, ол хит те болмады. Мен өз сөзімнен бас тартпаймын. Маған кейбіреулер "кешірім сұра" дейді. Не үшін кешірім сұрауым керек? Түсінбеймін. Түсінгім де келмейді, себебі мен шындықты айттым. Бұл – хирургқа барып, мен сізге операцияны қалай жасау керегін көрсетейін деумен тең. Бұл ән байқауы еді. "Евровидение" сияқты, ол да әнге арналған байқау. Онда орындаушы емес, ән таңдалады. Әлем тыңдап, әннің өзін бағалайды. Жеңетін – ән. Бұл жерде де дәл солай болды", — деді ол.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget