Отандасымыз Тимофей Скатов (әлемнің 209-ракеткасы) Бостад (Швеция) АТР 250 турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды Egemen .kz.

Іріктеу додасында 7-ракетка болып тіркелген отандасымыз дүниежүзілік рейтингіде 296-орында тұрған үндістандық Сумит Нагалмен сайысты. Тартысты дода – 1 сағат 26 минутқа созылған. Ол қарсыласын 6:2, 6:4 көрсеткішімен ұтты.

Тимофей Скатов іріктеу сайысының финалында әлемнің 139-ракеткасы, италиялық Андреа Пеллегриномен кездеседі.