Пәкістанның солтүстік-батысындағы алапат тасқыннан кейінгі 1 тәулік ішінде 54 адам опат болды. Тағы 300-ге жуық тұрғын жарақат алды.
Жалпы кейінгі 3 апта ішінде, тасқын құрбандарының саны 178-ге жетті. Олардың дені — бала. Жергілікті ақпарат агенттіктерінің хабарлауы бойынша, табиғи апаттан 5 провинция қатты зардап шеккен. Әсіресе Исламабад пен Пенджаб қалаларындағы жағдай қиын. Көшелерді су басып, 250-ге жуық үй бүлінген. Тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру жалғасып жатыр. Оларды орналыстыру үшін 25 уақытша паналау орны ашылды. Пәкістанда, әдетте жаңбырлы мезгіл, маусымда басталып, қыркүйекке дейін жалғасады.