Дәл қазір Алматының өрт сөндірушілері тілсіз жаумен арпалысып жатыр. Жетісу ауданы Тобаяқов атындағы көшеде орналасқан қоймадан өрт шықты.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға орнында жедел штаб құрылды. Қаланың барлық өзара іс-қимыл қызметі жұмылдырылды. Өртті сөндіруге күннің ыстығы кедергі болып тұр. Қызыл жалынды сөндіру үшін бірнеше су оқпаны берілді.