Қытайдың бірнеше провинциясы су астында қалды. Жаңбыр 4 күн бойы төпелеп жауып, өзендер арнасынан тасыды. Салдарынан 3500-ге жуық адам зардап шекті. Тағы 5400-ден астам тұрғын эвакуацияланды .
Елдің шығысы мен орталық аймақтарындағы 8 қалада төтенше жағдай жарияланды. Кейбір округтерде әлі де нөсер жауып тұр. Қазір жаппай жергілікті жердегі су қоймаларынан шұғыл түрде су тасталып жатыр. Пойыздар тоқтап. автожолдардарда көлік қозғалысы шектелді.
Сауалнама:
- Пойыздар тоқтап жолдан қалдық. Бірақ бізге станциядан арнайы орын берілді. Ең бастысы қауіпсіздік. Күтеміз.
- Өзге аймақтардан құтқарушылар тартылды. Енді екі ауысымда жұмыс істей бастадық. Қазір дренаж қазу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.