Елдің ірі қалаларында, соның ішінде Астанада 30 мамыр күні республикалық «Халық заңгері» акциясы өтеді. Ниет білдірген кез келген адам тегін заңгерлік кеңес алып, мемлекеттік органдар өкілдеріне тікелей жүгіне алады. Бұл туралы елорда әкімдігіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Акция 30 мамырда еліміздің қалалары мен елді мекендерінде өтеді.
Мемлекеттік органдар, елдің үздік заңгерлері мен адвокаттары азаматтарды қабылдап, құқықтық кез келген сұрақ бойынша консультация береді. Қатысушылар үшін кіру тегін. Толығырақ және нақты кеңес алу үшін азаматтар өз ісіне қатысты құжаттарын бірге алып келуі қажет.
Акция өтетін орындар туралы ақпаратты https://lp.prg.kz/kk/narod-jur-2025/ сайтынан алуға болады.