Петропавлда жылу электр орталығындағы жаңа мұржа қыркүйектің соңында дайын болады.
Қазір кәсіпорында ескірген қазандықтар мен турбоагрегаттар жөнделіп, теміржол желісі қалпына келді. Бұл іске 28 млрд теңге инвестиция тартылды. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы қызметкерлерінің айтуы бойынша, биыл аудандардағы 24 қазандықты жөндеуге 1,4 млрд теңге бөлінген. Ал қалада көпқабатты 300-ге жуық үйдің құбыры сынақтан өтті. Облыс бойынша 53 мың тонна көмір қоры бар.
Қуандық Шақыбаев, Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:
- Жалпы биыл облыс бойынша жылыту маусымының дайындығына 40 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет нысандары да қамтылады. Барлық жұмыс қыркүйек айының ортасына дейін аяқталады.