Өңірлік полиция департаменті "Заң және тәртіп" қағидаты аясында есірткі қылмыстарына қарсы күресті жалғастырып жатыр. Арнайы жасақ сарбаздары тыйым салынған заттармен жүрген ер адамды қылмыс үстінде ұстады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 31 шілдеде болғанымен, бейнежазба жақында жарияланды.
Полиция департаментінің дерегінше, 6-шағынауданда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен "Беркут" арнайы жасағы 54 жастағы жергілікті тұрғынды ұстаған.
Тінту барысында одан есірткі заттары тәркіленді. Сонымен қатар, медициналық сараптама оның есірткі қолданғанын анықтады.
Ұсталған адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігі ("Есірткінің заңсыз айналымы") бойынша соталды тергеу басталды. Сондай-ақ, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 440-1-бабы ("Есірткіні медициналық емес мақсатта қолдану") бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Басқа ақпарат әзірге жарияланған жоқ.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз